Құрметті ауылдастар! Төтенше жағдай кезінде көпшілігіңіз, әсіресе мектеп түлектері көмекке мұқтаж отбасыларға, жалғызбасты немесе күнкөріс көзін уақытша жоғалтқан отбасыларға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, жақсылық жасап, демеуші болып, алғысын алдыңыз. Сонымен қатар, жыл бойы жүргізілетін "Мектепке жол"акциясына үлестеріңізді қосудасыз. Жасаған қайырымды ісіңіз алдыңыздан еселеп шықсын, отбасы бақытына бөленіңіз, Мың Рақмет Сіздерге!
Бұл ісіміз жалғасын табуда. ЖОББ
Амангелді Мектеп Балабақшасының ұжымы"Мейірбандық күндері" айлығы барысында көпбалалы отбасына демеуші болып, азық-түлікпен қамтыды. Осы акцияға атсалысып, көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуға шақырамыз!