ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жоспар бойынша "Менің құқықтарым" тақырыбында диалог алаңдары өтті. Учаскелік инспектор Еркебулан Жалмуханбетов
оқушылармен кездесіп,Бала құқықтары туралы Конвенциямен таныстырды. Сонымен қатар тәрбие сағаттарында жоғары сынып оқушыларына және қашықтықтан орта буын оқушыларына осы тақырыпта тәрбие сағаттары өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.