12 ақпан 2020ж ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда "Үздік шаңырақ сағаты-2020" байқауы өз мәресіне жетті. Сынып жетекшілері арасында "Шаңырақ" оқушылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген бұл байқаудың жеңімпазы ҚАЗЫНА шаңырағы атанды.
Сонымен қатар ДОСТЫҚшаңырағы "Ең белсенді шаңырақ", БОЛАШАҚ шаңырағы " Ең креативті шаңырақ", БӘЙТЕРЕКшаңырағы "Шығармашылық шаңырағы", ҚЫРАН шаңырағы" Татулық шаңырағы"номинацияларын иеленді.Оқушылар арасында командалық жұмысты, қамқорлық пен сыйластық, достық пен татулық құндылықтарын дамыту және көшбасшылық қасиеттерін шыңдауда тынымсыз еңбек етіп жүрген шаңырақ жетекшілері Нуфтенова Қ. С., ЩурихинаЖ. Х., Ергалиева А. А., Суйналиева А. К., Есламғалиева Ұ. Н., Утепова А. А., Мухамбетжанова А. Т., КозыбаеваН. М., АмангельдиеваА. Т., ШайхиеваС. Ғ.-ларға үлкен ризашылығымызды білдіремін. Шеберлікті шыңдауда шығармашылық жұмыстар, креативті идеялар туындай берсін! Командалық жұмысымыз нәтижелі болсын.