02 Маус 2021
Жаңалықтар

Әрқашан күн сөнбесін!

Амангелді Мектеп Балабақшасы нда Бастауыш партия ұйымының бастамасымен «Әрқашан күн сөнбесін!»тақырыбында Балаларды қорғау күніне арнаған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылар асфальтта суреттер салып, эстафеталық жарыстарға, қатысты. Сонымен қатар, флэшмоб пен спортық ойындар балалар көңілінен шықты.

Тосын сый ретінде 145 оқушыға сынып бөлмелерінде және11балабақша бүлдіршініне жеке кәсіпкерлер Сергазиева З. Ш. мен Бисалиеваның Ж. К., мектеп әкімшілігінің демеушілігімен тәтті сыйлықтар дайындалды.

Балалардың бағы жанып, болашағы жарқын болсын! Ашық аспан астында бейбіт өмір сүрсін! Дендері сау болсын!

Балаларға демеушілік танытып, жыл сайын қамқорлық көрсетіп жүрген Қамқоршылық кеңес мүшелері Зульфия Шәріпқызы Сергазиева мен Жанна Қазбекқызы Бисалиеваға алғыс білдіреміз!

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ

#МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ